Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында “Құқықтық тәртіп” ЖААШ аясында 127 дерек тіркелді

Ұлытау облысында “Құқықтық тәртіп” ЖААШ аясында 127 дерек тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Ұлытау облысының аумағында 9-11 қараша аралығында “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. Профилактикалық іс-шараның бірінші күнінің нәтижесінде
127 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Атап айтсақ, ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауы, ұсақ бұзақылық, алкогольді ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы,
әкімшілік қадағалауды бұзу, қаруды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, алып жүру және тасымалдау бойынша заң бұзушылықтар тіркелді.

Сонымен қатар тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжатсыз тұру, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзу, жол жүру ережесін бұзу, қарсы жолаққа шығу, жаяу жүргіншілер қозғалысы кезінде жол бермеу, көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушінің көлікті басқаруы, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы бойынша құқық бұзушылықтар анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру