Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында жазасын өтеп жатқан азамат спортшы қызына арнайы сыйлық жасады

Абай облысында жазасын өтеуші Қостанай облысында өтетін жеңіл атлетика жарысына қатысқалы жатқан қызына арнап өз қолымен ағаштан сыйлық жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы халықаралық дзюдо федерациясының мүшесі болғандықтан Қостанай облысында дзюдодан өтетін жарысқа қатысатын қызына Абай облысында жазасын өтеп жатқан сотталған азамат арнайы сыйлық жасады. Бұрындары спортшы болған ол, спорт жаңалықтарын қалт жібермейді. Арман есімді сотталған (аты өзгертілген) бұл жарыс туралы ақпаратты теледидардан естіп, өз қолымен споршы қызына арнап ерекше сыйлық жасады.

– Спорттың түрі алуан түрлі болғанмен, жарысты жеңіп шығу спортшының жан дүниесіндегі жеңістен бастау алады. Сол себепті спортшыны жігерлендіру жеңіске жетуге жол ашатын тактика деп ойлаймын. Қызымның жарысқа қатысатынын естіген соң компьютер бағдарламасында спорт тақырыбына бар дизайнды ағаштан қиып арнайы ескерткіш әзірлеген едім. Жанкүйерлері көп болып қызым жеңіске жетсе екен деймін. Осы жарыспен келген жеңіс оған болашақта Олимпиада егісін ашса деп тілеймін, – деді сотталған әке.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру