Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

М.Есболатов атындағы Алматы академиясында ІІМ кубогына арналған бірінші республикалық шахмат турнирі аяқталды

Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы Қазақстан шахмат федерациясымен бірлесіп “Freedom Holding Corp” қолдауымен ұйымдастырған құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілер арасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кубогына арналған бірінші республикалық шахмат турнирі аяқталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

​Әр ведомстводан 3 қызметкерден тұратын команда қатысты. Төрешілер корпусын халықаралық дәрежедегі судья, халықаралық гроссмейстер, ФИДЕ жаттықтырушысы Антон Филиппов, ФИДЕ нұсқаушысы, кәсіби жаттықтырушы Олжас Меңғали және республикалық деңгейдегі судья Мақсұт Қалмұрзин таныстырды.

Турнир екі номинация бойынша өтті: “Командалық” және “Жеке біріншілік”.

Командалық біріншілікте Ішкі істер министрлігінің құрама командасы жеңімпаз атанды, II орынды ұлттық қауіпсіздік комитетінің командасы және III орынды қаржы мониторингі агенттігінің командасы иеленді.

Турнир қорытындысы бойынша жеке біріншілікте орындар келесідей болды:

I орын – Жетісу облысы полиция департаменті тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Олжас Түгелбаев;

II орын – ІІМ күзет қызметін бақылау департаментінің полицейі, қатардағы полицей Ұлнар Байжан;

III орын – Ақмола облысы полиция департаментінің учаскелік полиция инспекторы Ерлан Туримбетов.

Ойын соңында жеңімпаздарды марапаттаумен және естелік суретке түсірумен аяқталды.

Турнирдің жүлде қоры 1,2 млн теңгені құрады. Марапаттау рәсіміне “Freedom Holding Corp” пен Қазақстан шахмат федерациясының басшылары қатысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру