Абай облысында жол апатынан жүргізуші ажал құшты
Абай облысында көлікке арналған арнайы арқанның үзіліп кету салдарынан жүргізуші ажал құшты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алдын ала мәліметтер бойынша қайғылы оқиға Омбы – Майқапшағай тасжолының 899-шақырымында сағат 01:00 шамасында болған. Mitsubishi Montero көлігінің 26 жастағы жүргізушісі Жарма ауданы Қалбатау ауылына қарай келе жатып, 27 жастағы ер адамның басқаруындағы Toyota Estima автокөлігін арнайы арқанмен сүйреген.
Жол бойында арқан үзіліп, салдарынан көлік аударылып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 27 жастағы Toyota Estima жүргізушісі алған дене жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орыннда ажал құшты.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Абай облысы полиция департаменті жүргізушілерге ҚР Жол қозғалысы ережелерінің 20.5 бөлімі 3,5 бөлігіне сәйкес егер оның нақты массасы сүйреткіш көлік құралының нақты массасының жартысынан асса, жұмыс істемейтін тежегіш жүйесі бар көлік құралын сүйретуге тыйым салынатынын еске салды. Нақты салмағы аз болған кезде мұндай көлікті сүйретуге тек қатты тіркемеде немесе ішінара тиеу әдісімен ғана жол беріледі. Қыс мезгілінде көктайғаққа икемді ілініспен сүйреуге мүлдем тыйым салынады.