Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының әйелдер колониясында сотталған заңды некеге тұрды

Абай облысының әйелдер колониясында сотталған заңды некеге тұрды, — деп хвбарлайды Polisia.kz.

35 млн теңгеге алтын зергерлік бұйымдарды ұрлағаны үшін әйел жазасын өтеп жатыр. Сот оған бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Мекеме қызметкерлерімен сөйлескен кезде ол екі ұлы бар екенін айтты: үлкені – 18 жаста, ал кішісі – 11 жаста. Ол бұрынғы күйеуімен жеті жыл бұрын ажырасқан.

Біз үш жыл бұрын кездестік. Бір жыл бойы ол маған қарады, содан кейін бірге тұруды ұсынды. Мен бас бостандығымнан айырылғанда, бұл біздің қарым-қатынасымыздың соңы деп ойладым. Алайда ол бірінші рет кездесуге келгенде таң қалдым. Сол күні ол некені тіркеуді ұсынды, - деп бөлісті сотталған.

Неке қию рәсіміне мекеме әкімшілігі қатысты. Колония бастығының орынбасары Анар Сабиева жас жұбайларды жаңа отбасының құрылуымен құттықтап, оларға отбасылық амандық тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру