Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының екі тұрғыны атыс қаруын заңсыз сақтаған

Аягөз ауданының екі тұрғыны атыс қаруын заңсыз сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 қазанда «Учаске» ЖПІШ өткізу шеңберінде Аягөз ауданында орналасқан шаруа қожалықтарының бірінен полицейлер жедел түрде 55 жастағы ер адамды анықтап, үйін кідіріссіз тінту барысында ойық мылтықты тауып, тәркіледі.

ІІМ базасы бойынша тексеру барысында мылтық тіркелмеген болып шықты. Сот-баллистикалық сараптаманың нәтижелері оның «ТОЗ-8М, калибрі 5,6 мм, 1959 жылы атуға жарамды» мылтығы екенін көрсетті.

Ер адам аталған мылтықты шкафта жасырған. Оның айтуынша, ол қаруды 3 күн бұрын ШҚ маңынан тауып алып, полиция бөліміне тапсырмақ ниетте болған.

7 қазан күні «Учаске» жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Аягөз ауданының тағы бір 53 жастағы тұрғынынан заңсыз қару тәркіленді.

Арнайы ІІМ бойынша тексеру нәтижелері бұл мылтықтың базада жоқ екенін көрсетті. Сараптама нәтижелеріне сәйкес, тіркелмеген қару 1962 жылы шығарылған, 5,6 калибрлі,зауыттық №17690 мылтықпен бір ұңғылы ойық мылтық болып табылады. Ер адам қару иесі ретінде Аягөз АПБ-да есепте тұрмайды. Анықталғандай, суық қару оның марқұм әкесіне тиесілі болған.

Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған баптың санкциясымен 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру