Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының колониясында сабын шығаратын цех ашылды

Абай облысының колониясында сабын шығаратын цех ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысының қауіпсіздігі орташа мекемесінде сәуір айында кір сабын шығаратын цех ашылды. Күніне мұнда 2 мың сабын шығарылады, салмағы – 230 грамм. Әдеттегі массасы 200 грамдық сабыннан көбірек.

Бүгінгі таңда цехта алты сотталған жұмыс істейді, бірақ айдың соңына дейін тағы 20 сотталғанды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. Сотталғандардың жалақысы келісім бойынша төленеді. Шығарылатын өнімді қаланың шаруашылық дүкендері сатады.

– Мен темір тордың бер жағында отырсам да, уақытты пайдалы түрде өткізіп жатырмын деп санаймын, себебі өзіме ұнайтын жұмыс таптым. Жалақы алған кезде мен сот ісін өтеп, туыстарыма көмектесемін. Менің мектеп жасындағы 3 балам бар. Оларға әрдайым материалдық көмек қажет, – деп бөлісті цехта жұмыс істейтін сотталғандардың бірі.

Сотталғандарды жұмысқа орналастыру бөлімінің бастығы Нұрболат Сапарғалиевтің айтуынша, мекеме аумағында жаңа цех ашу сотталғандарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді. Мұнда олар жалақы алады және жақындарына көмектесу мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ сотталғандардың түзу жолға түсуіне әсерін береді. Мекемеде барлығы 10 шақты жеке кәсіпкер және екі ЖШС жұмыс істейді. Олар дәретхана қағазын, бөдене, кір сабын және ағаштан жасалған ұлттық ыдыстарды өңдейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру