Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полиция 19 мыңға жуық түрлі құқық бұзушылықты анықтады

Абай облысында полиция үш айда 19 мыңға жуық түрлі құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ауа райына және уақытқа қарамастан, патрульдік полиция ротасы мен батальонының қызметкерлері тәулік бойы қызмет атқарады. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету – патрульдік қызметінің негізгі бағыты. Қауіпсіз жол қозғалысын ұйымдастыру, жол қозғалысы ережелерін, қоғамдық тәртіпті бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, бұзақы мас азаматтарды ұстау және жеткізу – бұл және тағы басқалар патрульдік инспектордың кезекшілігінің негізін құрайды.

Осы жылдың басынан бастап Семей қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 10 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзушылықты, оның ішінде 1 020 қоғамдық тәртіпті бұзушылықты анықтады.

Облыстық және республикалық маңызы бар қала сыртындағы трассаларда Абай облысы полиция департаменті патрульдік полиция ротасының қызметкерлері 5 мыңнан астам жол қозғалысының бұзылғанын анықтады, оның ішінде 975 жүргізуші қауіпсіздік белдігін пайдалануды елемей көлік құралын басқарды, 28 жүргізуші мас күйінде болды, 790 жүргізуші жол жүру жылдамдығынан асып кетті.

Өткен жылмен салыстырғанда ұсақ бұзақылық фактілерінің азаюы байқалады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру