Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорған полицейлері “Жол бер де – өмірді сақта” акциясын өткізді

Талдықорған полицейлері “Жол бер де – өмірді сақта” акциясын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс орталығында полиция қызметкерлері денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп “Жол бер де – өмірді сақта” акциясын өткізді.

– Акцияның мақсаты жол қозғалысын бұзудың алдын алу және жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерінің басты талаптарының бірі – жедел жәрдем көлігін өткізіп жіберу туралы еске салу, – деп атап өтті Талдықорған ҚПБ ЖПҚБ бастығының орынбасары Құмар Смаилов.

Акция барысында дәрігерлердің жандарында жүрген ППР қызметкерлері жедел жәрдем көлігінің дыбыстық сигналдарын елемейтін бұзушыларды анықтады. Жүргізушілердің көпшілігі жедел жәрдем көлігіне жолды босатуға тырысты.

– Өкінішке орай, жедел жәрдемге жол бермейтін жүргізушілердің кесірінен шұғыл медициналық көмекке мұқтаж науқастарға дәрігерлердің кешігіп келетін кездері орын алады. Адамдарды құтқару кезінде әр секундтың құндылығын есте ұстаған жөн. Мұндай акцияларды жүргізушілерімізге жолдарда өзара құрмет пен парасаттылық қағидаттарын сіңдіру үшін тұрақты негізде өткізу жоспарланып отыр, – деп толықтырды Қ. Смаилов.

Жыл басынан бері Талдықорғанда жедел жәрдем көлігінің қатысуымен бір ЖКО орын алды. Өңірдің полицейлері жедел қызметтердің көлік құралдарына және арнайы жарық және дыбыс сигналдары қосылған арнайы машиналарға жол бермей кедергі келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін және жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру