Абай облысының полицейлері 88 отбасылық жанжалқойды жауапқа тартты
Абай облысының полицейлері жәбірленуші тараптың өтінішінсіз 88 отбасылық жанжалқойды жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері Абай облысының полициясы отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы жанжалдарға байланысты 390-нан астам өтінішті қарады. Өздеріңіз білетіндей, 2023 жылдың шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының полициясы өтініш берушіден тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеудің анықтау сипатына көшті. Полицейлер іс бойынша әкімшілік іс қозғайды, содан кейін сот түпкілікті құқықтық баға береді.
2024 жылдың қаңтар айында учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік іс жүргізуді қозғауға жататын отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың 88 фактісін анықтады. Бұл адамдар зардап шеккен тараптың өтінішінсіз заңнамада белгіленген жауапкершілікке тартылды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін 20-дан астам құқық бұзушы сот шешімімен әкімшілік қамауға алынды.
315 отбасылық жанжалқорға қатысты қорғау ұйғарымдары шығарылды, 46-сына мінез-құлыққа ерекше талаптар белгіленді. Осы санаттағы адамдарға полицейлер күшейтілген бақылау орнатты.