Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде терроризм актісі туралы жалған хабарлама берген жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбеде полиция қызметкерлері терроризм актісі туралы жалған хабарлама берген жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 ақпанда сағат 10:00 шамасында “112” телефонына қала мектептерінің бірінде теракт әзірленіп жатқаны және оқушыларға қауіп төніп тұрғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел қызметтер тексеру барысында хабарламаның жалған екенін анықтады. 

Полиция қызметкерлері мән-жайды зерттеу кезінде қоңырау шалушы осы мектептің жоғары сынып оқушысы екенін анықтады. Жалған хабарламаны жасау үшін 16 жастағы жасөспірім сыныптасының телефонын пайдаланғаны белгілі болды. 

Терроризм актісі туралы жалған хабарлау фактісі бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, терроризм актісі туралы жалған хабарлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады. Сонымен қатар аталған кәмелетке толмағанның ата-анасын да жауапкершілік, әрі жалған хабарлама салдарынан жедел қызметтерге келтірілген шығынды өтеу күтіп тұр. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру