Ақтөбе облысында полицейлер оқушыларға қызмет барысында қолданылатын жаңа технологияларды таныстырды
Ақтөбе облысында полицейлер оқушыларға қызмет барысында қолданылатын жаңа технологияларды таныстырды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Цифрландыру дәуірінде заманауи технологиялар полиция қызметінің мүмкіндіктерін кеңейтіп келеді. Мұғалжар ауданында полицейлер оқушыларға қызмет барысында қолданылатын жаңа технологияларды таныстырып, ерекше жаңашылдықтың куәсі болуға мүмкіндік берді.
Кездесу барысында балалар робот-итпен танысып, оның мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты. Сондай-ақ полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау, қауіпсіздік талаптарын орындау және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мұндай кездесулер оқушылардың заманауи технологияларға қызығушылығын арттырып, полиция қызметі туралы танымын кеңейтеді.
