Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының полицейлері «сериялық» алаяқты ұстады

Абай облысының полицейлері «сериялық» алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысының аудандық, ауылдық жерлерінің тұрғындары алаяқтық жолмен жалпы саны 50 мал сатып алып, сатқаннан кейін есеп айырысамын деп уәде берген алаяқтың құрбаны болды.

Күдікті аудандарды аралап, мал сатып алып, кейін, жақын арада ауыл тұрғындарына ақшаларын төлеуге сөз берген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 27 жастағы күдіктіні анықтады. Тұрғындарға келтірілген жалпы шығын сомасы 10 млн теңгеден асады. Қазіргі уақытта қаскүнем уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру