Абай облысының полицейлеріне «102» қосымшасы арқылы 88 өтініш келіп түсті
Абай облысының полицейлеріне «102» қосымшасы арқылы 88 өтініш келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Азаматтардың көпшілігі полицияға «102» қызметінің мобильді қосымшасы арқылы хабарласа алатынын, оқиға орнынан хабарлама, фото, видео жібере алатынын білмейді.
Оператормен байланысқан кезде геолокация автоматты түрде қосылатын және өтініш берушінің деректері көрсетілетін бейнеқоңыраулар мен аудиоқоңыраулар жасау мүмкіндігі бар. Бұл уақытты үнемдеуге және оқиға орнына жақын маңдағы патрульдік экипажды жедел жіберуге мүмкіндік береді.
Жыл басынан бері осы қосымша арқылы аймақ полициясына 88 өтініш келіп түсті, оның 65-і мәтіндік форматта, 22-сі аудио қоңырау және 1-і бейне қоңырау. Барлық қоңырау бойынша тиісті шаралар қабылданды.
Қосымшаны пайдалану халықтың қорғалу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ құқық бұзушылықтарға тез ден қоюға ықпал етеді, өйткені хабарламалар онлайн режимде қабылданады.
Бұл бағдарламаны Android жүйесінің смартфондарына арналған Play Market қосымшасы және IOS жүйесінің смартфондарына арналған App Store арқылы орнату өте оңай. Экранның жұмыс тақтасында «102» белгішесі пайда болады. Пайдаланушы өз атымен тіркеледі және өзінің жеке басын қол жетімді тәсілдермен растайды (электрондық пошта, телефон нөмірі).