Абай облысының полиция департаментінде балалар мен әйелдерді қорғау мәселелері бойынша семинар өтті
Абай облысының полиция департаменті балалар мен әйелдерді қорғау мәселелері бойынша семинар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Ернар Базаров Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының қолы қойылған әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заңын жеткізу шеңберінде семинар-кеңес өткізді.
Оған мүдделі мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілі және Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, дағдарыс орталығының басшысы қатысты.
Жалпы заңда 15 заңнамалық актіге, оның ішінде жеті кодекске және сегіз заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді. Қабылданған түзетулер зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейтеді және кінәлілерді жазалаудың бұлтартпастығын қамтамасыз етуге кедергі келтіретін жүйелі проблемаларды болдырмауы керек.
Кездесу барысында проблемалық мәселелер қозғалып, оларды шешу жолдары белгіленді.