Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының полициясы «Аманат» партиясының мүшелерімен кездесті

Бородулиха ауданының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы Альмира Дүзбенбетова «Аманат» партиясының мүшелерімен кездесуге қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеңесте тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және балалардың қауіпсіздігі мәселелері талқыланды, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды анықтау тәсілдері белгіленді. Айта кету керек, бүгінгі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі.

Тәжірибе көрсеткендей, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің көпшілігі полицияға жүгінгеннен кейін арыздарын қайтарып алады немесе агрессордың қарым-қатынасына қатысты шағымдардан мүлдем бас тартады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату, атап айтқанда енгізілген түзетулер жәбірленушінің өтінішінсіз осы салада әкімшілік істер қозғауға мүмкіндік береді. Енді хаттаманы жасау үшін көршілердің айғақтары, камералардан немесе полиция қызметкерінің бейнетіркегішінен жазбалар жеткілікті болады.

Тараптардың қайта татуласу мүмкіндігі алынып тасталады. Абай облыстық полиция департаменті барлық азаматтардан отбасылардағы зорлық-зомбылық мәселелеріне бей-жай қарамауды және полицияға белгілі болған фактілер туралы хабарлауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру