Абай облысының қауіпсіздігі орташа мекемесінде ғашықтар күніне орай заңды неке тіркелді
Абай облысының қауіпсіздігі орташа мекемесінде ғашықтар күніне орай заңды неке тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кісі өлтіргені үшін 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан 32 жастағы сотталушы сүйіктісімен заңды некеге тұрды. Жастар сонау студент кезінен, бірнеше жыл кездесіп жүрді. Сол кезде олар үйленуге шешім қабылдайды, алайда жігіт бас бостандығынан айырылды.
– Ұзақ уақыт бойы мен сүйіктімнің қайда екенін білмедім, ол маған не болғанын айтпады. Жай жоғалып кетті, екі жылдан кейін мен оның орналасқан жері туралы біліп, бірнеше жыл бойы Талдықорғаннан қысқа мерзімді кездесулерге келіп жүрім. Бүгін ғашықтар күніне орай біздің қарым-қатынасымызды заңдастыруға шешім қабылдадық, – дейді сотталғанның қалыңдығы.
Жас жұбайлардың некесін тіркеуді арнайы келген АХАТ қызметкері жүргізді, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес ол осы салтанатты іс-шараның барлық дәстүрлері мен карантиндік шектеулерді сақтай отырып, рәсімді өткізді.
– ҚАЖ мекемелерінде сотталғандардың некеге тұруының басты мақсаты – оларға отбасы алдындағы жауапкершілік сезімін ояту, сол арқылы сотталғандарды тәрбиелеу процесіне ықпал ету, – дейді арнайы есеп бөлімінің бастығы Әйгерім Атабаева.