Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордадағы түнгі клубта есірткі сатушы ұсталды

Елордадағы түнгі клубта есірткі сатушы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордалық полицейлер түнгі клубта есірткі саудалайтын ер адамды ұстады, оның қалтасынан 4 полиэтилен түйіншегі табылып, тәркіленді.

31 жастағы ер адамның синтетикалық есірткіні сатумен айналысқаны анықталды. Әріқарай есірткі сатушының тұрғылықты жерін тінту барысында есірткіні буып-түю және орау үшін қажетті материалдар, сондай-ақ салмағы 3,7 грамм болатын мефедрон табылды.

Есірткі заттарын өткізгені үшін қылмыстық іс қозғалды. Бұл қылмыс мүлкі тәркіленіп, 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жазаланады. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру