Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Мен өз үйімді қорғадым, енді қостанайлықтардың үйлерін күзетемін”- учаскелік инспектор Жаслан Жүсіпов

Қостанай облысы Алтынсарин ауданының учаскелік инспекторы Жаслан Жүсіповтың су тасқыны кезіндегі атқарған қызметі туралы Polisia.kz редакциясы айтып береді.

Қостанай ауданы Алтынсарин ауылына 6 сәуірде су келе бастады. Сол күні бүкіл ауданда су тасқыны салдарынан жергілікті ауқымдағы ТЖ жарияланды.

Мұнда отбасымен, жұбайымен және төрт баласымен учаскелік полиция инспекторы Жаслан Жүсіпов тұрады. Ол бірінші күні су тасқынына қарсы іс-шараларға бел сыбана кірісті. Себебі оның үйі су басу аймағында болды.

– Мен үйімнің айналасына бөгет тұрғыздым. Бұл үшін маған шамамен 3 күн қажет болды. Ауыр жүк көлігін жалдап, 15 рет топырақ тасыдым, – дейді Жаслан Жүсіпов.

Қазір ол әр кеш сайын Тобыл өзенінің бойындағы саяжай қауымдастықтарын күзетіп жатыр. Оның басты міндеті – эвакуацияланған тұрғындардың мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету.

Онымен бірге облыс орталығы мен Қостанай ауданының су басқан жерлерінде құқықтық тәртіпті 200-ге жуық полиция мен әскери қызметші қамтамасыз етіп жатыр. Айта кетейік, Жаслан Жүсіпов 4 жыл бойы учаскелік полиция қызметін атқарып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру