Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының ҚАЖ қызметкерлері ерекше балалардың арманын орындады

Абай облысының ҚАЖ қызметкерлері ерекше балалардың арманын орындады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласында екі баласы бар жалғызбасты ана 15 жасар қызы мен 13 жасар ұлымен тұрады. Тағдырдың тәлкегімен бір үйдің қос баласы туылғаннан бастап церебралды сал ауруымен ауырады. Олар мектепке бара алмайды, басқа құрдастары сияқты достарымен аулада да ойнай алмайды.

Асқақ армандары бар балалар, оның бір күні орындаларына сенген. Дарина мен Мақсаттың (есімдері өзгертілген) арманының бірі, ол өздерінің сүйікті әртістері – Ninety One тобының концертіне бару еді. Олар бұл жайлы Instagram желісінде жазба қалдырған.


Жақында Ninety One тобы өздерінің шоу бағдарламасымен Семей қаласына келетіндігінен хабардар болған Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері балалардың бұл видео-өтінішін көріп, шетте қала алмады. Дарина мен Мақсаттың көптен бергі арманын орындап, оларға сүйікті әртістерінің концертіне билеттер сыйлады.
Балалар өздерінің сүйікті әншілерінің концертіне қатысып қана қоймай, олармен бірге естелікке суретке түсті.

Балалардың жағымды эмоциялардан толып жатқан ішкі сезімін сөзбен жеткізу мүмкін болмады.

– Үш жыл бұрын Жаңа жыл қарсаңында Дарина Аяз атаға Ninety One концертіне қатысқысы келетіндігі туралы хат жазғаны есімде. Оның арманы бір күні орындалатынын және біз жанкүйерлер аймағының алдыңғы қатарынан концертті тамашалайтынымызды кім білген, – деп балалардың анасы Шынар қуанышымен бөлісті.

– Біз бәріміз де бала болдық, біздің де балалық армандарымыз болды. Біз Дарина мен Мақсатқа ұмытылмас эмоциялар сыйлағанымызға өте қуаныштымыз. Балалар әрқашан күлімсіреп, балалық шақтан ләззат алуы керек. Біз ересектер, олардың армандарын орындауға тырысуымыз қажет, – деді Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің СЕҰ бөлімінің бастығы Руслан Қамаржанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру