Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының ҚАЖ қызметкерлері ІІМ-нің Академиясына талапкерлерді іріктеу бойынша жұмыстар жүргізді

Абай облысының ҚАЖ қызметкерлері ІІМ-нің Академиясына талапкерлерді іріктеу бойынша жұмыстар жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шуақ ауылындағы әйелдер колониясының қызметкерлері мектептің 11 сынып оқушылары арасында Ішкі істер министрлігінің Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына талапкерлерді іріктеу бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Аудан мектептерін аралап, мекеменің тарихы мен салт-дәстүрі туралы жарнамалар, мекеменің қылмыстық-атқару жүйесі органдарындағы қызметі арқасында жоғары жетістіктерге жеткен қызметкерлер туралы әнгімелер – осының барлығы №23 мекеменің кадр саясаты қызметкерлерімен аудан мектептерінің 11 сынып оқушыларына айтылды.

– Мен тандауымды жасадым! Көптен бері формадағы полицейлерге карап, форма кию ол қалай екен деп ойлайтынмын. Форма киіп жүрген адамдар қарапайым адамдардың ішінде жүргенде не сезінеді екен, өздері үнемі байсалды, ұқыпты болып жүреді деген ой мазалайтын. Бірақ, менде олармен сөйлесуге немесе әңгімелесуге мүмкіндік болмайтын, ал бүгін сол мүмкіндік туды. Бүгін біздің мекетепке мекеме кызметкерлері келіп, өз қызметтері туралы, өздері туралы және бұл қызметке қалай келгендігі туралы әңгіме сұхбат жүргізді. Олардың әңгімелері мені қатты қызықтырды, сондықтан қызметкерлер менің сыныптастарымның ортасында әңгімелерін аяқтағанда, мен олармен тағы да оңашада әңгімелестім, өйткені менің әлі де сұрақтарым көп болды. ІІМ Академиясына түсу үшін бірінші кезекте не істеуім керек екенін айтып, түсіндіргендері үшін алғыс білдіремін. Енді мен болашағыма  мақсат қойдым, ең алдымен деңе шынықтыру дайындығынан бастаймын, – деп өз ойымен бөлісті Данияр.

Мектеп оқушылары қазір болашақ мамандығын тандау алдында тұр және бұл оңай тандау еместігі хақ. Өйткені олар әлі күнге дейін болашақ мамандығы мен өмірінің барлық қыр-сырын, біле алмайды. Мамандықтар көп, ал тандауды дұрыс жасау керек. Біздің мекеме қызметкерлері осы және басқа да көптеген дүниелер туралы болашақ қызметкерлер ұрпағымен бөлісті.

– Көп жылдар бұрын мен өзім осы мектепті бітіргенмін. Сондықтан бүгін мен оларға осы қиын мамандыққа қалай келгенімді айтып беруді жөн көрдім. Өйткені өз тәжірибесімен бөлісу және барлығын өз мысал арқылы айту әлдеқайда оңай және қызықты. Ол кезде нағашы апам маған үлгі болды, ол қазір демалыста, майор шенімен зейнеткерлікке шығып, қазір мен қызмет ететін мекеме бастығының орынбасары лауазымында қызметте болды, – деп түсіндірді мекеменің кадр қызметінің аға инспекторы Бахтияр Мұктархан.

Бұл ұрпақтар сабақтастығы.

Мекеме қызметкерлері академияға оқуға түсуге қойылатын талаптар туралы, ішкі істер органдардағы қызмет туралы, мансаптық өсу мен келешегі, оқу орнының спорттық-ағарту жұмыстары туралы және т.б. сұрақтарға жауап берді. Ең бастысы оқушылардың барлық сұрақтарына нақты жауап беру.

Оқушылар берілген ақпаратты қызығушылықпен тындады, белсенді түрде сұрақтар қойды.
Біздің болашақ ұрпақтарымыз ІІМ академиясына оқуға түсіп, өз елінің патриоты болуға, заңды күзететін қызметкер болуға ниет білдіреді деп сенеміз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру