Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Абайлаңыз- балалар» профилактикалық іс-шарасы өтуде

15-31 қаңтар күндері аралығында «Абайлаңыз- балалар» атты профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Басты мақсаты – жол-көлік жарақаттануының алдын алу және жол-көлік оқиғалары құрбандарын бүкіл әлемдік еске алу күніне арналған.


Өткен жыл қорытындысы бойынша балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының саны-169, апат салдарынан 14 бала қаза болды, 182 бала әртүрлі дене жарақаттарын алған.
Ақтөбе облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасымен күн сайын балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және болдырмау мақсатында жұмыстар жүргізіп жатыр.

Атап айтқанда, акция аясында жергілікті полиция қызметінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлары мен жол-патрульдік полиция қызметкерлері бірлесе облыстың барлық мектептерінде мектеп оқушыларының жол-көлік оқиғаларына ұшырау деректерінің алдын алу мақсатында ата-аналармен, ұстаздармен және оқушылармен арнайы дәріс сабақтарын өткізеді.
Осындай шара Ақтөбе қаласы Заречный елді мекеніндегі № 61 орта мектебінде өткізілді.
Онда балаларға жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған бейнероликтер көрсетіліп, жол қозғалысы ережесін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Балалар демалыс және мереке күндері көптеген жағдайда бақылаусыз қалып жатады, яғни каникул мезгілінде балалар уақытын көшеде өткізсе, жол жиектерінде ойнайды, жолға жүгіріп шығады, өкінішке орай жол-көлік оқиғаларына қатысушы болып жатады.


Жол-көлік жарақаттануын алдын алу жағдайына одан басқа, мерзімдік факторлар да әсер етеді, қыс мезгілінде күннің қысқалығы, қолайсыз табиғат жағдайлары- қар жауу, тайғақ болу, ауа-райының төмендеуі . Барлық жүргінші-балалардың қатысумен болған ЖКО-да бірінші кезекте: үлкендер, ата-аналар, ұстаздар балаға жолда жүру тәртібін үйретуі қажет.Көптеген ата-аналар бұл міндеттерді орындамақ түгілі, балалардың көзінше жол ережелерін бұзады, содан соң балаларды жол қозғалысы ережелерін бұзуға итермелейді.Баланың қауіпсіздігін сақтау үшін ата-аналары балаларына жол қозғалысы ережелерін айтып отыруы қажет. Сонымен қатар, ересек адам тұлғасы– балаларды тәрбиелеудің ең тиімді түрі.
Естеріңізде болсын. Бала «жол ережесіне» өз ата-аналарынан және басқа да үлкендерден алған өнегесі арқылы үйренеді. Сондықтан, сіздің жолдағы үлгілі тәртібіңіз арқылы сіздің және басқа да балалардың жол ережесін сақтап, әр түрлі жол апаттарынан сақ болуына өз ықпалыңызды тигізесіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру