Абаттандыру ережесін бұзған шымкенттік анықталды
Абаттандыру ережесін бұзған шымкенттік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкенттік полицейлер «Таза қала» профилактикалық іс-шарасы барысында қала аумағына рейд жүргізуде. Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары жергілікті тұрғынның Амангелді көшесінің бойына құм үйінділерін төгіп тастағанын анықтаған.
Абаттандыру қағидаларын бұзған тұрғынға ҚР ӘҚБтҚ-нің 505-бабына (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.