Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абырой мен беделге ие болған нәзік жан

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Шуақ ауылында орналасқан ҚАЖД ОВ-156/21 әйелдер түзеу мекемесі бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары қызметін атқарған әділет майоры Меруерт Байнуркашеваны зейнеткерлік демалысқа шығарып салуға арналған салтанатты шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Темірдей тәртіпті талап ететін қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің
қызметін қалай дәріптесек те жарасады. Десе де қызығынан қиыншылығы басым осынау құқық қорғау саласының қара қазанында қайнап жатқан қыруар шаруаны, өзіне жүктелген жауапты міндетті атқара жүріп абырой мен беделге ие болған нәзік жанды қыздарымыз баршылық.

Бүгінде біздің мақаламызға арқау болып отырған кейіпкеріміздің ҚАЖ саласында табан аудармай қызмет атқарғанына да он жеті жылдың жүзі болыпты. Сондықтан оны тәжірибелі, білікті маман деп айтуға толық негіз бар.

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Шуақ ауылында орналасқан ҚАЖД ОВ-156/21 әйелдер түзеу мекемесі бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары қызметін атқарған әділет майоры Меруерт Байнуркашеваны зейнеткерлік демалысқа шығарып салуға арналған салтанатты шара өтті.

Меруерт Берлыбековна еңбек жолын 2003 жылы қарапайым қызметкерден бастап,  қойылған қызметтік міндеттердің шешілуіне табандылықпен қол жеткізудің арқасында  мекеме бастығының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары лауазымына дейін көтерілді.

Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін бірнеше рет ҚАЖК, ҚАЖД және мекеме бастығының алғыс хаттарымен марапатталған. Сонымен қатар «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» 2-ші және 3-ші дәрежелі медальдарына ие.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру