Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығыс Қазақстан облысында ҚАЖД қызметкерлерімен оқу-жаттығулар өткізілуде

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері дағдарыс жағдайындағы жедел әрекеттерге дайындық ретінде оқу-жаттығулар өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Дағдарыс” ұғымы қандай-да бір құбылыстың деградацияға ұшырап, өмір сүруі мен қызмет етуі мүмкін емес ерекше күйін сипаттайды.

Дағдарыс жағдайы туындаған уақытта қылмыстық-атқару жүйесі саласында қызмет ететін қызметкерлерге қолайсыз жағдайларда жұмыс істеуге тура келеді.

Қызметкер дағдарыс жағдайында әрекет ету кезінде өзінің психоэмоционалдық және физикалық жай-күйін игеруі, міндеттерін шұғыл және сапалы орындауы керек. Бұл жоғарғы жауапкершілік, уақыт және ақпарат тапшылығына қарамастан тиімді шешім қабылдай білу сияқты қасиеттерді талап етеді.

Осыған орай ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/21 мекемесінде дағдарыс жағдайы туындаған кездегі қызметкерлердің әрекеттерін пысықтау, жоспарлардың  тиімділігін, басқару және байланыс құралдарының сенімділігін тексеру мақсатында оқу-жаттығулар өткізіліп тұрады.

Табиғи құбылыстардың залалынан басқа мекемеге кенеттен шабуыл жасау, сотталғандардың жаппай бағынбауы, түзеу мекемесінен сотталғанның қашуы сияқты түрлі жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер жаттықтырылады.

Оқу-жаттығу барысында жеке құрамның жауынгерлік, моральдық, психологиялық қабілеттері артып, төзімділікке тәрбиеленеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру