Адам құқықтарының қорғалуын күшейту бойынша дөңгелек үстел өтті
Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ Департаментінде Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсанында «Қылмыстық, қылмыстық- процестік және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар егізу туралы»№292-VІ ҚР Заңы қабылдануына байланысты дөңгелек үстел өтті,- деп хабарлайды Polisia.kz порталының тілшісі.
Дөңгелек үстелге Қызылорда қалалық №2 сотының судьясы Кусекеев Күмісбай Әлқуатұлы, Қызылорда облыстық прокуратураның басқарма бастығы Азамат Баянбайұлы, ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Әбдіқайыров Жүніс Өтегенұлы, департаменттің бас мамандары, мекеме басшылары мен жеке құрам қызметкерлері қатысты. Дөңгелек үстелді Департамент бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыров ашты.
Департаменттің арнайы есепке алу тобының бас маманы әділет майоры С.Рабаева бүгінгі күнге департаментке қарасты түзеу мекемелері мен тергеу изоляторындағы 292 сотталғандардың істері Заңға сәйкестендіруге жататындығы және ҚР Қылмыстық кодексінің 62,72баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені жөнінде баяндама оқыды.
Сондай- ақ жиын барысында Жаңа Заңға сәйкестендіру мақсатында сотқа жолданатын іс- құжаттарды жолдау тәртібі, оның ішінде босатылуға жататын сотталғандардың іс- құжаттарын бірінші кезекте жолдау қажетті екендігі айтылды.