Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Адам тонаған азамат кінәсін мойындады

Таразда өткен жылы орын алған кісі тонау қылмысы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылдың 21 қарашасында Тараз қаласының 22 жастағы тұрғыны полицияға жүгініп, өз шағымында 16-18 жас аралығындағы белгісіз жігіттің дене күшін қолданып, оның «Sumsung A11″маркалы ұялы телефонын ашық тартып алып кеткенін көрсеткен.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Тараз қаласының ПБ №1 полиция бөлімінің қызметкерлері жоғарыда аталған дерек бойынша 17 жастағы жас жігітті анықтап, ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындады.

Қазіргі таңда аталған тұлғаға қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабының 1-бөлігімен (Тонау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру