Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Миллиондаған берешегі бар екі автокөлік анықталды

Атыраулық полицейлер әрқайсысының төленбеген 1 млн және 2 млн теңгеден астам айыппұлдары бар екі автокөлікті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 қаңтар күні Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері Мяскомбинат мөлтек ауданында орналасқан әйелдер колониясының тұсында 1982 жылғы туған Грузия Республикасының азаматы басқарып жүрген “Lexus GX470” маркалы Әзірбайжан Републикасында тіркелген автокөлікті тоқтатып, тексеріс барысында аталған автокөліктің 2 млн теңгені құрайтын төленбеген 123 айыппұлы бар екендігі анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес автокөлік арнаулы тұраққа қойылды.

Бұдан басқа, 7 қаңтар күні сағат 16:40 шамасында Амандосов көшесінде орналасқан жанар-жағармай станциясы тұсында 1975 жылғы туған азамат басқарып жүрген “Toyota Ipsun” маркалы Армения Республикасында тіркелген автокөлік тоқтатылып, тексеріс барысында аталған автокөліктің 1 млн 63 980 теңгені құрайтын 35 төленбеген айыппұлы бар екендігі анықталып, автокөлік ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес арнаулы тұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру