Адвокат павлодарлық тергеушілерге күрделі қылмысты ашқаны үшін алғысын айтты
Адвокат павлодарлық тергеушілерге күрделі қылмысты ашқаны үшін алғысын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Адвокат Гүлмира Қажиева Павлодар облысы ПД қызметкерлеріне, әсіресе Павлодар қаласы ПБ ОПБ тергеу бөліміне ауыр қылмыс бойынша сотқа дейінгі табысты, объективті және кәсіби тергеу жүргізгені үшін жолданған бейне жолдауында алғыс сөздерін білдірді.
– Тергеушілер үлкен және қажырлы жұмыс жүргізді, барлық ұсақ-түйекті зерделеді. Олардың дұрыс әрекеті мен табандылығының арқасында күдікті ұсталып, қамауда отыр.
Тергеуші – бұл қоғамдық тыныштықтың кепілі, бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігінің кепілі, балаларымыздың тыныш ұйқысы. Сіздердің қатаң бақылауыңызда маңызды істер жүргізіліп, әділеттілік қалпына келтіріліп, қылмыс жойылады. Сіздер біздің халықтың құқықтық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздігін нығайтуға баға жетпес үлес қосып отырсыздар. Адал қызметі үшін, таңдаған кәсібіне адалдығы үшін, заңға және құқыққа адал қызметі үшін шексіз алғысымызды қабыл алыңыз! Сіздерге тамаша қызмет және қиын тапсырмаларды оңай шешуді тілеймін! – деді адвокат Қажиева.