Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ағайынды үшеудің қылмысы

Түркістанда өзгенің мүлкіне қол сұқты деген күдікпен ағайынды үшеу ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті тұрғынның арызы Сайрам аудандық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне түсті. Әйелдің айтуынша, белгісіз біреулер үйіне ұрын кіріп, бірнеше техниканы ұрлап кеткен. Жәбірленуші өзіне келген шығынның мөлшерін 300 мың теңгеге бағалады. Факт ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сайрам аудандық полиция басқармасының полицейлері ұстаған ағайынды жігіттердің үшеуі де жергілікті тұрғын болып шықты. 

Олар үйге түн ішінде кірген. Қолды болған заттардың ішінде - қол арба, қозғалтқыш, мыстан жасалған сымдар мен қозғалтқышты жабдықтауға арналған құрылғылар бар.

Күдіктілер қолхатпен босатылды. Тергеу аяқталған соң материалдар сотқа жолданды. Айғақ заттар түгел тәркіленді.

Облыс полицейлері жеке мүлікке ұқыпты болу керек екенін ескертеді. Алдымен әр адам үйінің терезелерін торлап, есікке сенімді құлып қойғаны дұрыс.

Сіз қылмыстың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, полицияның "102" телефонына хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру