Ағасының көлігін ұрлап кеткен ақмолалық анықталды
Ағасының көлігін ұрлап кеткен ақмолалық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
31 желтоқсан күні сағат 02:50-де Зеренді аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне ауылдардың бірінің 27 жастағы тұрғынының 30 желтоқсан сағат 22:10-дан 31 желтоқсан сағат 02:00-ге дейін белгісіз тұлға үйдің ауласынан Kia Rio автокөлігін айдап әкеткендігі туралы өтініші келіп түсті. Шығын сомасы – төрт млн теңгені құрады.
2 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол өтініш берушінің немере ағасы, сол ауылдың 22 жастағы бұрын сотталмаған тұрғыны болып шықты.
Күдіктінің туысына үйге келгені, бірақ үйге кірмегені белгілі болды. Аулада жабылмаған көлікті көріп, жылынуға отырды. Автокөліктің кілтін тауып, күдікті облыс орталығының кетіп қалған. Көкшетау қаласы көшелерінің бірінде автокөлік сынып қалған. Істен шыққан автокөлікті қалдырып, ол оқиға орнынан бой тасалаған.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 200-бабы (Автомобильді заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.