Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері бұрын көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізушіні ұстады

СҚО полицейлері жанынан арақ иісі мүңкіп тұрған, бұрын көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Желтоқсанның 22-сі түнгі сағат 02:00 шамасында Мамлютка-Қостанай автожолында Воскресеновка және Афонькино ауылдарының ортасында СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері сенімсіз жүріп келе жатқан Volkswagen Polo автокөлігін байқап, тоқтатады. Рөлде жанынан алкогольдің өткір иісі шығып тұрған 24 жастағы Жамбыл ауданының тұрғыны болған. Ол медициналық куәландырудан бас тартқан. Фактіні тексеру үшін ауылдықтан талдауға қан алынды.

Тексеріс барысында жас жігіттің бес ай бұрын масаң күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Ол шілдеде жеті жылға басқару құқығынан айырылған.

Патрульдік полицейлер ұсталған жүргізушіні Мамлют ауданы ПБ жедел-тергеу тобына тапсырды.

Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Аталған бап басқару құқығынан айырылған және масаң күйдегі тұлғаның көлік құралын басқаруы үшін жауапкершілікті қарастырады.

– Мас күйінде рөлге отырған адамдар өз өмірлеріне, басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өмірлеріне қауіп төндіреді. ҚР ҚК 346-бабының санкциясы ірі көлемдегі айыппұлды және 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Барлық жүргізушілерді жауапкершілік және заңнама талаптарын қатаң сақтау туралы ескертеміз, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру