Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері жақында жоғалып кеткен Көкшетау тұрғынын тапты

Ақмола полицейлері жақында жоғалып кеткен Көкшетау тұрғынын тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшыларына жоғалған 26 жастағы Аида Таутекованы табу үшін бір күннен астам уақыт қажет болды.

Естеріңізге сала кетейік, ақмолалық тұрғынның жоғалып кеткені туралы өтінішпен полицияға оның туысы жүгінген болатын. Хабар-ошарсыз кеткен адамды іздеуге жеке құрам, жұртшылық және берілген күштер бағытталды. Іздеу шаралары адамдар көп жиналатын жерлерде, сауда үйлері мен базарларда, қараусыз қалған құрылыстар аумағында жүргізілді.

Полиция бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп, жоғалған күні қыз таксимен үйден кеткенін анықтады. 4 қаңтарда сағат 20:00 шамасында полиция қызметкерлері жоғалған адамның тұрған жерін анықтап, оны туыстарына тапсырды. Қыздың өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді.

Полиция іздестіру іс-шараларының сәттілігі көбінесе жоғалған азаматтардың туыстары хабарлаған ақпараттың толықтығы мен уақтылығына байланысты екенін еске салады. Егер адам жоғалып кетсе, алдымен полицияға “102” нөміріне қоңырау шалу қажет. Маңызды ақпарат келесідей: жоғалған адамның жеке деректері – тегі, аты, әкесінің аты, жасы, шаш түсі, мең, тыртық немесе татуировка түріндегі ерекше белгілер, адамның не кигенін, сондай-ақ ол жоғалып кеткен жағдайларды егжей-тегжейлі сипаттау.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру