Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері құқықтық тәртіпті сақтауға жәрдемдескені үшін күзет агенттігін марапаттады

СҚО полицейлері құқықтық тәртіпті сақтауға жәрдемдескені үшін күзет агенттігін марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО ПД бастығы Марат Төлебаевтың бұйрығымен үш жеке күзет ұйымы марапатталды. Полицейлер құқықтық тәртіпті қолдауға белсенді қатысқаны үшін басшыларына Полиция департаментінің грамоталарын табыс етті. Марапаттау 30 желтоқсанда жұмыс кездесуінде өтті, онда тәртіп сақшылары мен күзетшілер жылды қорытындылап, алдағы уақытта ынтымақтастық жолдарын талқылады.

Көбіне күзет агенттіктерінің қызметкерлері ұрлық жасауға оқталу және күзетілетін нысандарда: дәмханалар мен дүкендердегі масаң күйдегі клиенттердің айқай-шуымен бетпе-бет келеді. Әсіресе, қараша айы  қызу өтті.

Мысалға, тек үш күннің ішінде 6-8 аралығында күзет агенттіктерінің бірінің қызметкерлері үш шақыртуға ден қойды. Нәтижесінде дәмханадағы және авто жанар-жағармай құю бекетіндегі масаң күйдегі жанжалқойлар ұсталды, Петропавлдағы дүкендердің біріндегі ұрлықтың жолы кесілді. Айдың соңында басқа агенттіктердің қызметкерлері сауда үйлерінің бірінде пышақ қолданып, төбелес шығарған қаланың үш тұрғынын ұстады.

СҚО ПД Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Руслан Даньяровтың айтуынша, күзетілетін нысандарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету – қоғамдық тәртіпті нығайтудағы маңызды үлес болып табылады. Жыл басынан күзетшілер тоғыз қылмыстың ашылуына қатысып, 13 ұрлық пен күзетілетін нысандардағы құқық бұзушылықтың жолын кесті. Барлығы СҚО-да 92 жеке күзет ұйымы бар, ондағы жеке құрамның жалпы саны 1606 адам.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру