Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Айбынды полицей – асқар тау әке, өнегелі отағасы

Отбасы күні қарсаңында Polisia.kz редакциясы айбынды полицей Арман Арипжановтың қызметі мен жанұясы жайлы ақпарат ұсынады.

Түзде қоғам тыныштығы мен қауіпсіздікті қорғаушы, үйде үлгілі әке сүйікті жары Жұлдызбен бірге үш ұл мен бір қыз тәрбиелеп отыр. Жауапкершілігі мол саланы абыроймен еңсеріп жүрген тәртіп сақшысының жарының айтуынша, жанұясы отағасын үнемі қолдап, мақтан тұтады.

Ішкі істер органдары қатарында 2015 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан сала үздігі былтыр қарулы қылмыскерді ұстау кезінде ерлік танытып, борышын абыроймен атқарғаны үшін ІІ дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталған.

Қырағы қасиет-қабілеттерді бойына тоғыстырған жедел уәкіл 2023 жылдың ақпан айында өз өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, Шымкент қаласындағы қару-жарақ дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстады.

– Сол күні әріптесім екеуміз бейнебақылау камераларын қарап жүрген едік. Қару дыбысын естіген сәтте дереу сыртқа жүгіріп шықтым. Оқушылар мен студенттер өте көп болды. Солардың бәрінен шетке шығуын өтініп, қарулы азаматтың артынан жүріп отырдым. Қолайлы сәтті күтіп, автокөліктің маңына келіп, қоян-қолтық ұрыс тәсілін қолданып, қаруын тартып алдым. Ешқандай қорқыныш болған жоқ. Себебі бірінші орында адамдардың қауіпсіздігін сақтап, қылмыскерді қолға түсіру болды, – дейді полиция қызметкері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру