Әйел адам азық-түлік әкеліп беремін деп халықты ақшаға алдап жүрген
Әйел адам азық-түлік әкеліп беремін деп халықты ақшаға алдап жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түрксіб аудандық полиция Басқармасына 1974 жылы туған П.азаматшаның жасаған алаяқтық әрекеттері фактілері бойынша ұжымдық арыз түсті.
– Жедел-іздестіру шаралары барысында әйел ұсталды. Ол бұрын нарықта жұмыс істеген болып шықты. Бұл фактор шешуші рөл атқарды. П. азаматша өзін таныстарының арасында азық-түлікті базар бағасынан төмен бағамен сатып алатын адам ретінде көрсетті. Адамдар оған көп мөлшерде азық-түлік қорын жинау үмітімен ақшаны берді. Ол өз кезегінде төлемді өз тәсілімен жұмсады. Нәтижесінде: тауар да жоқ, ақша да жоқ. Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас 30 фактіге қатыстылығы дәлелденді. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары ҚР ҚК-нің 190 бабы – алаяқтық бойынша жүргізіліп жатыр, – деді, Түрксіб аудандық полиция Басқармасының бастығы Еркін Амантаев.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары қала тұрғындары мен қонақтарын П. азаматшаның заңсыз әрекеттерінен зардап шеккендерді мына телефондар арқылы хабарлауға шақырады: 298-54-02 немесе 298-54-08.