Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әйелдер құқығы заңмен қорғалады

Қарағанды қаласының ПБ ЖПҚБ ӘҚЗЗҚБ қызметкерлерімен айтарлықтай жұмыстар жүргізіліп келеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасау адамның құқығы мен бостандығын бұзудың өрескел түрі. Отбасындағы әйелдерге қатысты жасалған қылмыстардың басты себептері негізінен отбасы мүшесінің бірінің ішімдік ішуі, тұрмыстық мүліктерді бөлу,отбасындағы қолайсыз жағдайлар болып табылады.Әйелдерге қатысты жасалған қылмыстардың ең көп тараған түрі ол психологиялық әсер ету, ұрып соғу, жеке басын қорлау және мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтың түрлері тек қолайсыз отбастарында ғана емес сонымен бірге толық қанды отбасыларында да жиі кездесетінін атап өткіміз келеді. Қоғамда белең алған осы бір қылмыстық құқық бұзушылықтың түрін алдын алу, жолын кесу бойынша Қарағанды қаласының ПБ ЖПҚБ ӘҚЗЗҚБ қызметкерлерімен айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде.

Елімізде жарияланған карантин шаралары енгізілгеннен бастап облыста аталған құқық бұзушылық желісі бойынша 60 жуық бұзушылық тіркелген оның ішінде 30 астамы әйелдерге қатысты жасалған.

2020 жылдың алты айында ІІО-ның есебіне қолайсыз отбасы санаты бойынша 500 жуық адам есепке алынды, алдын алу емделу мекемесіне 150 жуық адам жіберілді. 3000 астам тұлғаға қорғау ұйғарымы шығарылды. Отбасылық тұрмыстық қарым қатынас саласындажасалған бұзушылық бойынша ҚР ӘҚБтК 73-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке 600 жуық адам тартылған. Қарағанды қаласының аумағында «Тұрмыс», «Пробация», «Есептегі элемент» алдын алу шаралары жиі өткізіліп тұрады. Аталған шаралар кезінде ЖПҚБ қызметкерлері аталған тұлғалармен мекенжай ескерту жұмыстарын жүргізіп, отбасы тұрмыстық қарым-қатынаста жәбір көргендердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында оларға құқықтық және психологиялық көмектерін көрсетеді.

Қарағанды қаласының ПБ ЖПҚБ аға инспекторы Асел Жаппарова: – Біздің мақсатымыз- отбасындағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту. Осы мақсатта Қарағанды қаласында орналасқан «Ана үйі», «Қайсар», «Озарение» қоғамдық бірлестігімен өзара іс-қимыл жүргіземіз. Бұл ұйымдарда отбасылық қарым-қатынас саласында зардап шеккен әйел адамдарға әлеуметтік-медициналық, құқықтық, психологиялық, әлеуметтік-экономикалық көмектері тегін көрсетеміз, – деп атап көрсетті.

Қарағанды қаласының ПБ ЖПҚБ қызметкерлері апта сайын сәрсенбі күні «Құқықтық сауаттылық күні» аясында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген жәбірленушілермен мекенжай ескерту жұмыстарын тұрақты жүргізіп тұрады.

Қарағанды қаласының ПБ ЖПҚБ қызметкерлері қазіргі таңда құқықтық және психологиялық көмек алу үшін тұрғындар 79-09-88 сенім телефоны және 8 708 06 10 410 ұялы телефон арқылы алуға болатынын ескертеді.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру