Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Сотталғандардың қауіпсіздігі басты назарда”

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/9 (ерлер түзеу колониясы) мекемесінің сыртына “Сергек” бейнебақылау кешені және мекеме ішіне 30-дан астам камера орнатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сырттан келетін азаматтар тарапынан жасалынатын құқықбұзушылық іс-әрекеттерін алдын-алу үшін, УГ-157/9 мекемесін қоршай  “Сергек” камералары орнатылды. Бұл камералар Атырау қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына және кезекші бөлімге қосылған. Яғни мекеменің қауіпсіздігі одан сайын арта түсті, – дейді Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің бастығының міндетін атқарушы Манарбек Габдуллин.

Департамент басшысының айтуынша, мекеме ішіндегі қауіпсіздік шараларын күшейту және ішкі тәртіпті бұзу фактілерінің алдын-алу мақсатында мекеме ішіне де камералар орнатылған.

Камера қоюдағы басты мақсат – сотталған азаматтардың қауіпсіздігін одан сайын қамтамасыз ету. Камералар әкімшілік корпусқа, шаруашылық алаңына, кездесу бөлмелеріне, дәліздерге қойылды. Осыдан кейін тәртіпбұзушылықтар күрт азайып, сотталған азаматтар тарапынан қандай-да бір арыз-шағым түссе, департамент тарапынан лезде тексеріс жұмыстарын жүргізуге мүмкіншілік туады, – дейді департамент басшысы.

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің баспасөз-қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2020 жылы мекеме ішіне бөгде заттар лақтырудың екі фактісі анықталып, күдікті тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру