Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда сотталғандардың туыстары үшін ашық есік күні ұйымдастырылды

Атырауда сотталғандардың туыстары үшін ашық есік күні ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті УГ-157/1 мекемесінің шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандар үшін ашық есік күні өткізілді. Аталған іс-шараға сотталғандардың 15 шақты туысы келді. Бүкіл әлемді есеңгіреткен пандемиядан кейінгі алғашқы ашық есік күні ерекше аталып өтті.

Тәрбие жұмыстары бойынша мекеме бастығының орынбасары Ринат Урахов жазасын өтеушілердің туыстарына мекеме әкімшілігі тарапынан алғысын білдірді. Біріне бала, біріне әке, ал енді біріне бауыр болған жазалылардың туыстары бір күндік мекеменің өмірімен танысып, көңілдері жәй тапқандай болды.

Оларды күтіп отырғандарын, әлі де жарқын өмір алда екеніне сендіріп, қолдауларын білдірді. Келушілер мен жазасын өтеушілер іс-шараны ұйымдастырып отырған мекеме әкімшілігіне алғыстарын білдіріп, рақметтерін айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру