Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда дәмханаға келушіден ақша ұрлаған ер адам ұсталды

Теміртауда дәмханаға келушіден ақша ұрлаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 ақпан күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне 42 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданған. Жәбірленуші азаматша полиция қызметкерлеріне қаладағы дәмханалардың біріне тамақтануға барғанын, сол жерде қол сөмкесін өзі отырған жерге қойып бірнеше минутқа сыртқа шыққанын, осы сәтте белгісіз біреу 80 мың теңгесін қолды қылғанын хабарлаған.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында “ізін суытпай” осы іске қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы азамат ұсталды. Күдікті қылмысын мойындап, айғақ заттар тәркіленді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру