Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Шұғыл қоңырау”: Қарағандыда өзгенің гаджетін ұрлап кеткен ауыл тұрғыны ұсталды

Қарағандыда өзгенің гаджетін ұрлап кеткен ауыл тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 ақпан күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 21 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу алдау арқылы құны 80 мың теңге тұратын гаджетін ұрлап кеткені туралы арызданған.

Оқиға қаладағы базарда болған. Жәбірленуші тауар алып жатқан кезде оған белгісіз біреу келіп, шұғыл түрде қоңырау соғу үшін гаджетін сұрап, кейін жәбірленушінің оған мән бермей тұрғанын байқап, біреумен сөйлескен сыңай танытып, қашып кеткен.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында “ізін суытпай” осы іске қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру