Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда түрме қызметкерлері екпе салдырды

Атырауда түрме қызметкерлері екпе салдырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/9 (ерлер түзету колониясы) мекемесі қызметкерлері коронавирусқа қарсы екпе салдырды.

– Екпені өзіміз бен жақындарымыздың денсаулығынан бөлек, сотталған азаматтардың денсаулықтары үшін салдырдық. Індеттің таралуына өзіміз жол бермеуіміз қажет. Өзімді екпеге дейін де, кейін де жақсы сезіндім. Ешбір ауытқу байқалмады. Екпені өз еркіммен салдырғанымды растау үшін келісім қағазына қол қойдым. Жарты сағат дәрігер бақылауында болдым, – дейді тәрбие бөлімінің бастығы Ринат Урахов.


Екпе салдырғаннан кейін қызметкердің ұялы телефонына “Спутник-V” препаратының бірінші дозасын алғаны туралы және екінші компонентті салатын уақыты көрсетілген SMS хабарлама келеді.

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз-қызметі мәлімдегендей, ерікті түрде екпе салу қызметкерлердің арасында қарқынды жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру