"Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы басталды
Қызылордада "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн" науқаны басталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Әйелдерге қатысты түрлі дискриминация түрлерін жою туралы конвенцияға (Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 29 шілдеде ратификациялаған) сәйкес жыл сайын 25 қарашада "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы басталуына байланысты 24 қараша күні Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өтті.
Брифингке Қызылорда облысы Полиция департаментінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкері Светлана Баймағамбетова қатысты. Акцияның негізгі мақсаты - әйелдерге қатысты жасалатын зорлық-зомбылықтың алдын алу, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін күшейту болып табылады.
Ұйымдастырушылық мәселелерді шешу үшін іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін, жұртшылықты тарта отырып, жұмыс топтары құрылды.