Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тоқтатылған көліктен еліктің ұшасы мен аңшы мылтығы алынды

Павлодар облысында заңсыз елік аулаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Ертіс өзенінің алқабында Аққулы ауданы Әйтей ауылының маңында жүргізілген рейдтік іс-шара барысында тәртіп сақшылары облыс орталығы тұрғыны айдап жүрген “Орал” маркалы мотоциклін ұстады. Мотоциклді тексеру кезінде елік ұшасы мен аңшы мылтығы алынған. Ұсталған азаматтың елікті атуға рұқсат беретін құжаттары болған жоқ. Сонымен қатар ережелерге сәйкес аң аулауға осы аймақтың қорықшысының міндетті қатысуымен рұқсат етіледі. Заңсыз аңшылық фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 337-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды, – деді Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Жыл басынан бері облыстың табиғатты қорғау полицейлері заңсыз аң аулаудың 437 фактісін анықтаған. Барлық тәртіп бұзушыға қатысты тексеру жүргізіліп, кінәлі тұлғалар қолданыстағы заңнама аясында жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру