Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көше бұзақылары ұсталды

Қостанайда жаяу патруль қызметкерлері жалғыз адамды ұрып-соққан он бұзақыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанайда 2020 жылдың 21 қарашасында сағат 22.00 шамасында 10 адам облыс орталығының 34 жастағы тұрғынын ұрып-соққан.

Жәбірленуші дереу “102 ” нөміріне қоңырау шалып, полицияның жаяу патруліне  болған оқиға туралы айтқан. Жәбірленуші бейтаныс адамдардың оны ұрып-соғып, 20 мың теңге ақшасы мен велосипедін тартып алғанын хабарлаған.

Патрульдік полиция инспекторлары Байбол Жансүгіров пен Жандос Тайшенов дереу Жедел басқару орталығына қоңырау шалып, күдіктілердің тұрған жерін анықтауды сұрады. Содан кейін полиция қызметкерлері зардап шеккен азаматпен бірге келесі көшеде жүрген күдіктілерді тапты.

Полиция қызметкерлері бір топ жастарға жақындап, олардың мас екенін байқаған. Жәбірленуші олардың екеуін таныды.

Жастар тәртіп сақшыларының заңды талаптарына агрессивті жауап бергендіктен, полиция қызметкерлері қосымша көмек шақырып, жедел топ келгенге дейін оларды ұстап тұруға мәжбүр болған.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру