Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаза өткеру тәртібі өзгертілді

Қызылорда облысында “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы  аясында бір сотталған азаматтың құжаттары жазасын өткеру режимін өзгерту мақсатында сотқа жолданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 қыркүйектен бастап республика аумағында “Учаске” жедел –алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның мақсаты- әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты жандандыру, азаматтармен  тығыз сенімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ халық арасында ішкі істер органдарының имиджін арттыру.

“Учаске” профилактикалық іс-шарасы аясында Жаңақорған аудандық пробация қызметкерлері  мен  аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлері бірлесе жұмыс атқарды.  Пробация есебінде тұратын қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түріне сотталған 86 азаматтың тұрғылықты мекенжайы мен жұмыс орындарына тексеру жұмыстарын жүргізді.

Тексеру барысында есепке алынған әрбір азаматтың мінез-құлқына бақылау жасалып, пробация қызметінің есебінен жалтарудың, құқық бұзушылық пен қайта қылмыс жасауының алдын алу  бойынша тәрбиелік жұмыстар жүргізілді.

Тексеру нәтижесінде сот жүктеген міндеттерді орындамаған бір сотталған азаматтың құжаттары  бас бостандығынан шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру үшін аудандық сотқа  жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру