Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқ әйел бір жарым айдан кейін ұсталды

Қарағанды қаласындағы сауда үйлерінің бірінде сүт өнімдерін сатып алған азаматша тауардың ақшасын төлемей қашып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 қараша күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Жаңа Майқұдық полиция бөліміне қаладағы сауда орындарының бірінде сатушы болып жұмыс істейтін 38 жастағы қала тұрғыны бір әйелдің жалпы сомасы он мың теңге тұратын сүт өнімдерінің ақшасын төлемей, қашып кеткені туралы арызданған.

Арызданған күні жәбірленушіге алаяқтың сүт өнімдерінің құнын мобильдік қосымша арқылы төлеймін дегені анықталды. Алайда сатушының басқа да келушілерге қызмет көрсету сәтін ұтымды пайдаланған күдікті азаматша алған заттарының ақшасын төлемей қашып кеткен.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына (Алаяқтық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

23 қараша күні полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған іске қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы азаматша ұсталды және ол қылмысын мойындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру