Айып тұрақтары жетіспейді – Ахметжанов
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жол қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі Үкімет отырысы барысында айып тұрақтары жөнінде айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz
Ол мамандандырылған тұрақтарды жабдықтау мәселелерін шешуді талап ететінін атап өтті. Бүгінгі таңда бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтар автокөлікті тәркілеуді көздейді (оның ішінде мас күйінде, жалған мемлекеттік нөмірлермен және т.б. басқару үшін). Алайда аймақтарда айып тұрақтары жетіспейді.
– Арнайы айып тұрақтарын ашу мәселесін шешу қажет. Еліміздің көптеген аймағында айып тұрақтары жеткіліксіз. Мысалы, елордада екеу-ақ коммуналдық тұрақ бар. Оның екеуі де толып тұр. Ал Ақтөбе мен Атырауда айып тұрақтары бір-бірден ғана бар. Қарағандыда мүлдем жоқ. Сол себепті тәркіленген автокөліктер полиция бөлімдерінде тұр, – деді министр.