Айыппұлдан жалтарған борышкерлерге ескерту жасалды
21-23 қыркүйек аралығында Қарағанды қаласының аумағында республикалық «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел алдын алу іс-шарасына Қарағанды қаласының ПБ және аумақтық полиция бөліністерінің ӘПБ, ЖПҚБ УПИ және ППП қызметкерлерінің санынан 100-ге жуық қызметкер жұмылдырылған болатын. Аталған шара аясында полиция қызметкерлерімен жергілікті мекенжай бойынша 375 борышкер хабардар етіліп, олардың жұмыс орны бойынша 50-ге жуық қаулы жолданды.
Сонымен қатар Республикалық «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Қарағанды қаласының ПБ қызметкерлері Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық прокуратурасының бөлім прокуроры М.Муса, Октябрь аудандық прокуратурасының бөлім прокуроры Л.Шаматаева, Қарағанды қаласының жеке сот орындаушылары Г.Балкенова және оның көмекшілерімен бірлескен рейд ұйымдастырып, әкімшілік айыппұлдардан жалтарған отыздан аса борышкерлердің үйлерін аралаған болатын. Бүгінгі таңда бірлескен топ өкілдері айыппұл төлеуге немқұрайлы қараған тұлғаларға білек сыбана кіріскендерін, тиісті қаражатты қазынаға қайтару үшін барлық күш жігерлерін жұмсайтынын айтып өз ойларымен бөлісті.
Бұл тұрғыда Қарағанды қаласының ПБ қызметкерлері «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні 3 млн 808 мың тенге көлемінде айыппұл өндіріп алғанын айта кетуді жөн көрдік.
Сонымен бірге Қарағанды қаласының ПБ қызметкерлері Сізде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза болған жағдайда, Сіз әкімшілік хаттама жасалған сәттен бастап жеті тәулік ішінде айыппұлдың жалпы сомасының 50%-ын төлеуге құқығыңыздың бар екенін ескертеді.