Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Академия мұражайында ауқымды шара өтті

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының тарихымен таныстыру мақсатында Академия мұражайында екі апталық таныстырылым жұмысы басталды.

Академия тыңдаушылары 1997 жылдың 16 шілдесінде Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қадірлі қонақтар» кітабында қалдырған тарихи естелік жазуын көруге мүмкіндік алды.
Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың біздің оқу орнымызға келуі айтулы оқиға болып саналады. Сонымен қатар, тыңдаушыларға 1971 жылдан бастап оқу орнымыздың даму тарихы, оған еңбек сіңірген, оның даму жолындағы бірінші басшыларының қызметі, оқу үдерісінің негізін салушы ҚР ІІМ еңбегі сіңірген қызметкері Роднов А.М. және оқу орнының дамуына ерекше атсалысқан ішкі істер генерал-майоры Талап Кабденовтың өмірбаяны жайлы таныстыру жұмысы өткізіліп, тыңдаушыларға жинақтап жүйелендірілген естелік фото-суреттер көрсетілді.

Академия мұражайында мемлекет және қоғам қайраткері, ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, ҚазССР Ішкі істер министрі генерал-лейтенант Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаевқа арналған экспозиция бар. Бұл экспозицияда Ш.Қабылбаевтың жеке куәліктері, құрмет грамоталары, атақтары және т.б. жеке заттары жинақталған.

Академия мұражайында атқарылған жұмыстарды таныстыру болашақ ішкі істер органдары қызметкерлерінің отан сүйгіштік, рухани-адамгершілік және азаматтылық сезімдерін қалыптастырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру